Ұлттық жәдігерлерді харам деу – баянсыз бәтуа – Астананың бас имамы

583

Бас шаһардың имамы әлеуметтік желідегі домбыра туралы жазбаларға жауап берді.

Ұлттық жәдігерлерді харам деу – баянсыз бәтуа – Астананың бас имамы Фото: dombyradastan.kz

Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сайтында жарияланған мақаласында домбыра жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Имамның айтуынша, домбыра және қазақтың өзге де ұлттық жәдігерлерін "харам" деу – қазақты салт-дәстүрінен ажыратуды көздейтіндердің әрекеті. 

"Бүгінде ұлт бірлігіне іріткі салып, елді алауыздыққа салғысы келген кейбір теріс ағым өкілдерінің салт-дәстүрдің барлығын шеткері ысырып, ұлттық жәдігерлерімізге "харам, ширк" деп баянсыз бәтуа айтып жүргеніне де куә болудамыз. Ғасырлар қойнауынан біздерге небір керемет күйлер мен тағылымы мол термелерді жеткізген, бабалар нақылы мен аманатын арқалаған қара домбыраның қазақтың жаны екенін жар астындағы жауларымыз да жақсы біледі. Сондықтан қазақтың жаны болған домбырасынан айырса, түзу жолының темірқазығы болған салт-дәстүрінен адастырса ойлағаны оңай жүзеге асарын да біледі", – деп жазды бас қаланың бас имамы. 

Оның сөзінше, қос ішектен төгілген қоңыр әуен – қазақ халқының үні. Бұл ретте имам қасиетті Құранның "Ағраф" сүресіндегі "Ғафу жолын ұста, ғұрыппен әмір ет және надандардан теріс айнал" деген сөздерді алға тартады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу