Ұлттық және мемлекеттік ЖОО-лар сатылмайды – Президент

554

Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары оқу орындарындағы реформаларға тоқталды.

Ұлттық және мемлекеттік ЖОО-лар сатылмайды – Президент

Елдегі жоғары оқу орындарының бірі лицензиясынан айырылып, енді бірі коммерциялық емес акционерлік қоғам болып қайта құрылымдалып жатқаны белгілі. Осы оқиғалар түрлі топтар тарабынан түрлі қаңқу сөздер туғызып, ел арасында алып-қашпа әңгімені көбейткенін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та айтты.

"Менің тапсырмама сәйкес, жоғары оқу орындарының құрылымын өзгерту жұмыстары жүргізілуде. Көптеген жоғары оқу орны коммерциялық емес акционерлік қоғамға айналды. Бұл ел ішінде әртүрлі әңгіме туғызуда. Сондай-ақ ірі мемлекеттік жоғары оқу орындары кейіннен жекеменшікке сатылуы мүмкін  деген де күдік бар. Осыған орай, ұлттық және мемлекеттік жоғары оқу орындары сатылмайтыны жөнінде мәлімдеймін. Бұл мәселе айрықша назарда", – деді Приезидент.

Есжан Ботақара
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу