Ұлттық жобалар аясында жұмысқа орналастырылған азаматтардың 45%-ы жастар мен мүгедектігі бар адамдар

Тоғыз айдың қорытындысы бойынша 228,7 мың адам жұмыс берушілер ұсынған орындарына орналастырылды. 

Ұлттық жобалар аясында жұмысқа орналастырылған азаматтардың 45%-ы жастар мен мүгедектігі бар адамдар Фото: dixinews.kz

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Үкімет отырысында халықты жұмыспен қамту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтты.

Ұлттық жобаларды іске асыру аясында 45 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды. Жұмыс орындарының басым көпшілігі "Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері" – 13 098, "Кәсіпкерлікті дамыту" – 11 489, "Агроөнеркәсіп кешенін дамыту" – 6 354 ұлттық жобалары шеңберінде ашылады.

Ұлттық жобалар аясында жұмысқа орналастырылған азаматтардың 45%-ын жастар (20 573 адам) мен мүгедектігі бар адамдар (1 961 адам) құрауда.

"Тоғыз айдың қорытындысы бойынша 228,7 мың адам жұмыс берушілер ұсынған орындарына орналастырылды. Оның 62%-ы ауыл шаруашылығы және балық шаруашылығы, құрылыс және өндіріс, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету салаларында жұмыспен қамтылып отыр. Тұрақты жұмысқа орналастырылған азаматтардың 46%-ы жастар", – деді Светлана Жақыпова.

Мемлекет басшысының әрбір 10 мың халыққа 100 жаңа жұмыс орнын құру жөніндегі бастамасын іске асыру аясында 212,9 мың кәсіпкерлік субъектісінде 278,5 мыңнан астам азамат жұмысқа орналастырылды. Жұмыспен қамтылған адамдардың 4 мыңнан астамы мүгедектігі бар азаматтардың қатарынан болса, 161 мыңнан астамы жастардың қатарынан болып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу