Ұлттық жобалардың саны үшке дейін қысқарды

221

Ұлттық жобалар уақытылы орындалмай келеді, мәселен "Жайлы мектеп" жобасына берілген қаражаттың тек 38%-ы игерілген.  

Ұлттық жобалардың саны үшке дейін қысқарды Фото: primeminister.kz

Сол сияқты "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" жобасында да белгіленген мақсаттардан артта қалу байқалады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"2023 жылы стратегиялық жоспарлауда үлкен өзгерістер болды. Ұлттық жобалардың саны үшке дейін қысқарды. Бұл кідіруді күттірмейтін дамудың басым бағыттарына назар аудару үшін жасалып отыр.Яғни, қойылған мақсаттарды іске асыру үшін қаржылай қамтамасыз ету жеткілікті көлемде болуы қажет. Қазір жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізбесе, мемлекеттік органның өзі жеке жауап береді. Демек қаражат жетпей қалды деп ақтала алмайды", — деді Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов. 

Дегенмен уақытылы орындалу проблемалары әлі де сақталып отыр. 

"Жайлы мектеп" ұлттық жобасына 2023 жылға көзделген қаражат толық көлемде берілді. Бірақ оның тек 38%-ы ғана игерілген. Қаражатты барынша үнемдеп отырған уақытта мұндайға жол беруге болмайды. 37 жобалау-сметалық құжаттама бірыңғай стандарт бойынша уақытылы әзірленбеген. Осы жылдың сәуір айындағы деректерге сәйкес жобалауға және құрылысын толық аяқтауүшін жасалған 207 шарттың тек 26 жобасына ғана ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысы берілген. Іс жүзінде жобалау-сметалық құжаттамасызобъектілердің бірінші қабаттары тұрғызылып,құрылысы басталғандардың жартысының іргетасы қаланған", — деді Смайылов.

Сол сияқты "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" жобасында да белгіленген мақсаттарданартта қалу байқалады.  227 объект бойынша жобалау аяқталмаған. Жыл басындағы жағдай бойынша объектілердің 17%-ы пайдалануға берілмеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу