Ұлтық банк BÚRKIT коллекциялық монеталарын айналымға шығарады

454

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.

Ұлтық банк BÚRKIT коллекциялық монеталарын айналымға шығарады Фото: Ұлттық банктің баспасөз қызметі

Қазақстан Ұлттық банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) BÚRKIT коллекциялық монеталарын айналымға шығарады, деп хабарлайды inbusiness.kz банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Монеталардың сатылымға түсетін күніне қатысты ақпарат ҚҰБ-тың ресми сайтында қосымша жарияланады.

BÚRKIT коллекциялық монеталары туралы

Көшпенділер бүркітті батылдық пен қайсарлықты бейнелейтін қасиетті құс ретінде құрметтеді. Бүркіттің қауырсынын көшпенділер керегеге бойтұмар ретінде іліп қойған.

Номиналы 5 000 және 500 теңгелік күмістен, сондай-ақ номиналы 200 және 100 теңгелік мельхиордан жасалған BÚRKIT монеталары "Көшпенділердің ғибадат жануарлары – тотемдері" сериясын жалғастырады. Монеталардың дизайны бүркіттің натуралистік және трафареттік бейнелерін "сақтардың аң стилінде" үйлестіру арқылы жасалған.

Монеталардың сипаттамасы:

Монетаның бет жағындағы (аверсі) орталық бөлігінде ұлттық ою-өрнек ішінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген, Қазақстан монета сарайының тауар белгісі және монеталар жасалған металды, олардың сынамасы мен массасын білдіретін жазу орналасқан. Айналдыра – QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY және REPUBLIC OF KAZAKHSTAN деген жазуы бар.

Елтаңбаның сол және оң жағында ұлттық ою-өрнек элементтері орналасқан. Төменгі жағында – монетаның номиналын білдіретін 100 TEŃGE QAZAQSTAN ULTTYQ BANKI • NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN, монеталардың жоғарғы жағында соғылған жылын білдіретін "2022", төменгі бөлігінде монеталардың номиналын білдіретін жазу бар.

Номиналы 5 000 және 500 теңгелік монеталардың сыртқы жағында (реверсінде) – диаметрі 2 мм (5 000 теңге) және 1 мм (500 теңге) гауһар тас орнатылған бүркіттің натуралистік және трафареттік бейнелерінің композициясы, монеталардың жоғарғы бөлігінде BÚRKIT жазуы көрініс тапқан.

Номиналы 200 және 100 теңгелік монеталарда – бүркіттің натуралистік және трафареттік бейнесінің композициясы, монетаның жоғарғы бөлігінде BURKIT жазуы орналасқан. Периметрі бойынша декоративті үлгіде безендірілген кең жиегі бар.

Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнымен төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға жатады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының барлық банкінде банк шоттарына есепке алынып, аударылады, ұсақталады және айырбасталады.

Күмістен жасалған BÚRKIT монеталары мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде ҚҰБ-тың нөмірлі сапа сертификаттары бар кәдесый орамында шығарылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу