Ұлтымыздың ұмыт болып бара жатқан тағамдары мейрамханалардың мәзіріне енгізіледі

2629

Таразда ұлттық тағамдар көрмесі өтуде.

Ұлтымыздың ұмыт болып бара жатқан тағамдары мейрамханалардың мәзіріне енгізіледі

"Дәмді. "Taraz – food tourism - 2018". Осындай атпен Тараз қаласындағы "Көне Тараз" тарихи-археологиялық кешенінде ұлттық тағамдар көрмесі өтуде.

Бүгін басталған шара ертеңге дейін жалғаспақ. "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отырған көрме-жәрмеңкеде жергілікті аспаздар бағзыдан бүгінге жеткен тағам түрлерін дайындау, сыйлы қонаққа арналған ас табағын әзірлеу, оны қонақтардың мәртебесіне қарай үлестіру сынды жөн-жоралғыларын шет елдік қонақтарға таныстыруда.

Ал көрмеде халық назарына ұсынылған ұлтымыздың ұмыт болып бара жатқан тағамдары жергілікті мейрамханалардың мәзіріне енгізіледі деп жоспарлануда.

Ал шара аясында ұйымдастырылатын байқауға тағам туризмі саласында еңбек етіп жүрген 100-ге жуық шетелдік және 300-ге жуық қазақстандық турист келеді деп күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу