Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының ұрпақтары референдумға қатысып, өз таңдауларын жасады

131

Абай облысы Абай ауданының орталығы Қарауыл ауылында тұратын ұлы ақын Абай Құнанбайұлының ұрпақтары №162 референдум учаскесіне біркісідей бірге келіп, республикалық референдумға қатысып, Конституцияға енгізілетін өзгерістер бойынша өз таңдауларын жасады.

 Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының ұрпақтары референдумға қатысып, өз таңдауларын жасады Фото: https://t.me/referendum2026kz

Ел өміріндегі маңызды саяси науқанға қатысу арқылы Абай әулетінің өкілдері азаматтық белсенділіктің үлгісін көрсетіп, қоғамдағы бірлік пен жауапкершіліктің маңыздылығын тағы бір мәрте айқындады.

Ұлы ойшылдың ұрпақтары ата-баба аманатына адалдық танытып, ел тағдырына бейжай қарамай, маңызды шешімдер қабылданатын тарихи сәтте өз азаматтық ұстанымдарын білдірді.

Абайдың ұрпағы, Абай ауданының Құрметті азаматы Құсман Верлишев референдумның маңызы туралы өз пікірін білдірді.

"Абай атамыз әрқашан ел бірлігі мен халықтың саналы болуын насихаттаған. Бүгін біз сол аманатқа адал болып, ел болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылданатын референдумға қатысып отырмыз. Әр азамат өз елінің тағдырына жауапкершілікпен қарап, мұндай маңызды науқандардан шет қалмауы керек", – деп атап өтті ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу