"Жаңа Жібек жолы" бағытындағы "Ұлы Дала Eліне саяхат" жобасының соңғы экспедициясы басталды, деп хабарлайды primeminister.kz.
"Ұлы Дала Eліне саяхат" жобасы шеңберіндегі соңғы экспедиция "Жаңа Жібек жолы" деп аталады. Саяхатшылар жолға 17 қыркүйекте Алматы қаласынан шықты. Экспедиция қатысушылары 13 күнде Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстары аумағымен 3000-нан аса шақырым жол жүрмек.
Экспедиция құрамы тәжірибелі саяхатшылардан, туроператор өкілдері мен шетелдік және қазақстандық тревел-блогерлерден, сондай-ақ "National Geographic Ресей" командасынан құралған.