Парламенттің жоғарғы палатасында "Ұлттық құндылықтар – рухани жаңғырудың негізі" тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Жиында сөз сөйлеген сенатор, академик – Бақытжан Жұмағұлов оған Парламент сенатының төрағасы ұлы дала құндылықтары туралы концепция жасауды ұсынылғанын жеткізді.
"Осы ұсынысқа орай ойларымды жүйелеп, қазазға түсіріп, парламенттік тыңдау өткізу туралы Мәулен Әшімбаевқа хат жаздым. Ол қолдады. Ал оның алдында дөңгелек үстел өткізуді жөн көрдік", – деген сенатор ұлттық құндылықтарды жас буынға дәріптеу, құндылықтарды қорғау, әр азаматтың бойына патриотизмді сіңірудің жолдарды айқындау сынды бірқатар мәселені турасында сөз қозғады.
Бақытжан Жұмағұловтың сөзінше алдағы парламенттік тыңдауда осы мәселелер негізге алынуға тиіс.
Құралай Құдайберген