"Ұлы Дала Қырандары"-ның президенттікке кандидаты емтиханнан сәтті өтті

1895

Лингвистикалық комиссия Садыбек Түгел мемлекеттік тілде еркін сөйлейді деген қорытынды жасады.

"Ұлы Дала Қырандары"-ның президенттікке кандидаты емтиханнан сәтті өтті

"Ұлы Дала Қырандары" республикалық қоғамдық бірлестігі атынан Қазақстан президенттігіне үміткер Садыбек Түгел мемлекеттік тілді білу емтиханын жақсы тапсырды. Бұл туралы лингвистикалық комиссия мүшесі Ғарифолла Есім айтты, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

"Лингвистикалық комиссия Садыбек Түгел мемлекеттік тілде еркін сөйлейді деген қорытынды жасады", – деді Ғарифолла Есім журналистерге. 

Комиссия мүшесінің сөзінше, үміткер шығарма жазғанда бірнеше пунктуациялық қате жіберген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу