"Ұлы дала жорығына" қатысуға маңғыстаулық шабандоздар бірінші болып жетті

590

2022 жылы алғаш рет өткен "Ұлы дала жорығы" марафон-бәйгесінде маңғыстаулық "Көкмойнақ" командасы топ жарған.

"Ұлы дала жорығына" қатысуға маңғыстаулық шабандоздар бірінші болып жетті Фото: «Ұлы дала жорығының» ұйымдастыру комитеті

Бес шабандоз, он тұлпармен екінші Жорыққа қатысу үшін Астанаға ең бірінші болып жетті.

Биыл да маңғыстаулықтар үлкен Жорыққа Адай жылқыларымен келіп отыр.

Алайда, биыл маңғыстаулық атбегілер ақылдаса келе, өткен жылғы Жорыққа қатысқан аттарды толық ауыстыруды жөн санапты. Сонымен қатар, шабандоздарды да өзге жастар алмастырған. Сөйтіп Маңғыстау облысының құрама командасы толығымен жаңарып келді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу