"Ұлы даланың Түркістаны" республикалық фотоэкспедициясы басталды

1361

Мақсаты – "Рухани жаңғыру" бағдарламасы мен "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласындағы міндеттерді орындау, өңірдің киелі және туристік орындарын насихаттау. 

"Ұлы даланың Түркістаны" республикалық фотоэкспедициясы басталды

Бүгін Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толуына орай "Ұлы даланың Түркістаны" атты республикалық фотоэкспедиция басталды, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

 
Аталған фотоэкспедиция Түркістан облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен және аудан, қала әкімдіктерінің қолдауымен өтіп отыр. Республикалық деңгейдегі экспедицияға "Фотоөнер" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Асылхан Әбдірайымұлы (Алматы) бастаған фототілшілер қатысып жатыр. Атап айтсақ, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен ШҚО, Жамбыл, Қызылорда, БҚО және Түркістан облысынан 15 кәсіби фототілшілер шақырылған. Олардың арасында Балмұрат Орынбай, Оңғарбек Алхаров, Мерей Қайнарұлы, Айтжан Мурзанов, Қайрат Шалтақбаев және өзге де танымал фотографтар бар.
Сурет саласының майталмандары Түркістан, Кентау қалаларымен қатар, Созақ, Бәйдібек, Отырар, Сайрам, Төле би, Түлкібас және Қазығұрт ауданының киелі және туристік орындарын суретке түсіреді. Бір аптаға созылған экспедицияда түсірілген туындылар 17 маусымда Түркістан қаласында өтетін "Ұлы даланың Түркістаны"  сурет көрмесінде ел назарына ұсынылады.
Еліміздің ең таңдаулы фотографтары Түркістан қаласында атқарылып жатқан жұмыстар мен өзгерістерге ризашылықтарын білдірді. Республика бойынша туристік және киелі орындардың көп шоғыры орналасқан Түркістан облысының тарихи ескерткіштері мен орындарын суретке түсіріп, жұртшылыққа жеткізетіндерін айтты.
2018 жылы 19 маусымда Елбасы, ҚР Тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Түркістан облысы құрылған болатын. Бұл ақжолтай жаңалықты қазақ халқы ғана емес, түркітілдес мемлекеттер де қуанышпен қабылдады. Осы бір жыл көлемінде Түркістанда ауқымды жұмыстар қолға алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу