Улы газды анықтайтын 11 мың құрылғы орнатылды

798

Өрттен 80 адам құтқарылды. 

Улы газды анықтайтын 11 мың құрылғы орнатылды

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тұрғын үйлерге улы газды анықтайтын 11 мың құрылғы орнатылғанын мәлімдеді. 

"Биыл еліміздің басым бөлігінде жылыту маусымы мерзімінен бұрын басталды. Бұған дейін жоспарлы тексеру жұмыстары жүргізілді. Анықталған кемшіліктерді жоюға қатысты нұсқау берілді. Ескерту алған нысандар ерекше бақылауда тұр", – деді Юрий Ильин.

Министрдің мәлімдеуінше, әлеуметтің осал тобына жататын азаматтар тұрып жатқан 118 мың үй есепке алынған. 

"15 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында рейд ұйымдастырылды. Өрт қауіпсіздігінің бұзылуына қатысты фактілер аз болған жоқ. Бұл туралы жергілікті атқарушы билікке хабар берілді. Олар нақты шара қолдануға кірісті", – деді Юрий Ильин.

Оның сөзінше, былтыр улы газды анықтайтын 90 мың құрылғы іске қосылды. Нәтижесінде 18 рет дабыл белгісі ойнап, өрт болған жерден 80 адам құтқарылды. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу