Жолаушылардың көмегімен мигранттар пойыздан шығарылды, деп хабарлайды Inbusiness.kz дүйсенбіде Хорватияның Jutarnji List басылымына сілтеме жасап. Бұл жаңалықты Хорватия теміржол компаниясы да растады (HŽ).
Сплиттен Загребке жетпіс жолаушымен пойыз Плушки станциясына сенбі күні кешкі сағат 18:55-те келді. Келгеннен кейін жүздеген мигранттар пойызға қарай жүгіріп, есік ашылған бетте ішіне кірмек болған. Олар айқайлап, пойыз вагондары ішінде ары-бері жүгіріп, жолаушылардың мазасын алған. Билет операторы, пойыз жүргізушісі және жолаушылар қарап қалмай, ашулы мигранттарды пойыздан түсіріп жіберген.
Басылымның хабарлауынша, мигранттар жолаушыларға шабуыл жасаған жоқ және ешкім зардап шеккен жоқ. Мигранттардың билеттері бар-жоғы белгісіз. Плашки станциясында билет кассасы жоқ, билетті тек онлайн немесе пойызда сатып алуға болады.
HŽ мигранттардың қарапайым жолаушылар екенін және осы уақытқа дейін олардың қатысуымен ешқандай оқыс оқиғалар болмағанын атап өтті. Бұл оқиға туралы Хорватия полиция департаментіне хабарланды, бірақ билік әлі ресми ақпарат берген жоқ.
Хорватияда мигранттар қысымы етек жайды. Өткен аптада бір түнде алты жүзге жуық мигрант қамауға алынды.
Мигранттар Босния мен Герцеговинаға негізінен Сербия мен Черногория арқылы келеді, содан кейін ЕО-ға — Хорватия мен Словенияға барады, сөйтіп олар Батыс Еуропаға барғысы келеді.