Ұлы ойшыл, ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына – 166 жыл

210

Шәкәрім әндері қазақ композиторларының шығармаларына арқау болды.

Ұлы ойшыл, ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына – 166 жыл Фото: ашық дереккөз

Бүгін ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 166 жыл толды. 

Шәкәрім өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық-саяси және әлеуметтік сыр-сипатын көре білуде, қоғам мен адам табиғатындағы кемшіліктерді зерделеуде, туған халқына жол көрсетуде Абай бағытын ұстанды. 

Сыршыл ақынның қаламынан терең ойлы, лирикалық өлеңдер, "Қалқаман-Мамыр", "Еңлік-Кебек", "Нартайлақ-Айсұлу" сияқты дастандар, "Әділ-Мәрия" романы және басқа да прозалық туындылар, аудармалар, тарихқа, философияға қатысты еңбектер, сазды әндер туды.

Қаламгердің "Түрік, қырғыз, қазақ Һәм хандар шежіресі", "Қазақ айнасы", "Қалқаман-Мамыр", "Жолсыз жаза яки кез болған іс", "Еңлік-Кебек", "Үш анық", "Мұсылмандық шарты", "Ләйлі-Мәжнүн" т. б. шығармалары жарық көрген.  

Шәкәрім әндері қазақ композиторларының шығармаларына арқау болды.

Ахмет Жұбановтың "Абай" сюитасының бірінші бөліміне, А. Жұбанов пен Л. Хамидидің "Абай" операсындағы Айдардың ариозосына, Айдар мен Ажардың дуэтіне сазгердің шығармалары пайдаланылды. 

Ұлы тұлғаның "Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек", "Жастық туралы", "Анадан алғаш туғанымда" атты әндері нәзік, көңілді қозғайтын сыршылдығымен жүректен өз орнын алды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу