Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне берілетін төлемақы 5 миллион теңгеге өседі

532

Қазір Алматыда Ұлы Отан соғысының 31 қатысушысы мен сегіз мүмкіндігі шектеулі ардагер тұрады.

 Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне берілетін төлемақы 5 миллион теңгеге өседі Фото: www.gov.kz

Алматыда Жеңістің 80 жылдығына орай Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне төленетін біржолғы төлемнің көлемі артпақ, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.   

Бұл туралы қала әкімі қалалық ардагерлер кеңесінің өкілдерімен кездесуде айтты.

Әкімдіктің мәліметінше, келесі жылы ҰОС ардагерлеріне біржолғы төлем 2 миллионнан 5 миллион теңгеге дейін, ал тыл ардагерлеріне берілетін төлем 50 мыңнан 100 мың теңгеге дейін артады деп жоспарланған.

"ҰОС ардагерлеріне берілетін біржолғы төлемдерді 5 млн теңгеге дейін ұлғайту мүмкіндігіміз бар. Осы ұсынысты келесі жылдың бюджетін қарау кезінде мәслихатқа енгіземіз", – деді Ерболат Досаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу