Қазақстанда  Ұлы Отан соғысының барлық ардагеріне үлкен қамқорлықпен қарайды, деп мәлімдеді Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
"Қазақстанда  Ұлы Отан соғысына қатысқан барлық жауынгерге үлкен қамқорлықпен қарайды. Біз үшін олар – батыр. Біз майданда қаза тапқандарды еске алып, ардагерлерді  құрметтейміз",  – деді Қасым-Жомарт Тоқаев "Мир" халықаралық телерадиокомпаниясына берген сұхбатында.         
Президент Жеңістің 75 жылдығына орай Қазақстанда "әрбір ардагерге бір миллион теңгеден беріледі" – бұл шамамен екі жарым мың доллар", – деп атап көрсетті.
"Тыл еңбеккерлері де назардан тыс қалмайды. Соғыс әр қазақстандық отбасында өз ізін қалдырды, сондықтан 9 мамыр біз үшін еске алу күні", – деді ол.
 
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                        