Ұлы Отан соғысы кезінде Чехияда көз жұмған жауынгерлердің есімі анықталды

1844

Чехияның Фрыдек-Мистек елдімекенінде қаза тапқан жауынгерлердің дербес деректерін анықтау бойынша жұмыс аяқталды.

Ұлы Отан соғысы кезінде Чехияда көз жұмған жауынгерлердің есімі анықталды

Чехияда Фрыдек-Мистек елдімекенінде (чеш. Frydek-Mistek, Moravskoslezsky kraj, stat Cesko) қаза тапқан және құрметті әскери қабірде жерленген Қызыл әскер жауынгерлерінің аттарын және дербес деректерін анықтау бойынша жұмыс аяқталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жауынгерлердің жерленген жерлерін іздестіру-зерттеу жұмыстарын Ресей Федерациясы қорғаныс министрлігінің Чехияда әскери-мемориалдық жұмысты ұйымдастыру және жүргізу бойынша өкілі Чехиядағы Қазақстан Республикасы елшілігінің жәрдем көрсетуімен жүргізілді. Бірлескен іздеу-зерттеу жұмысының нәтижесінде тиісті каталог анықталды, оның ішінде 542 жаңа есім анықталып, 895 адамның қосымша дербес деректері нақтыланды.

Сондай-ақ Фрыдек-Мистек елдімекенінде осы әскери қабірде құрбан болған Қызыл Әскер жауынгерлерінің аттарымен мемориалдық плита орнатылады. Мемориалдық плиталардың салтанатты ашылуы 2019 жылғы қазанның аяғы-қарашаның басында өткізіледі деп жоспарланған. Осыған орай, қаза тапқан жауынгерлерді лайықты түрде мәңгі есте сақтау мақсатында Ресей Федерациясы қаза тапқан қазақстандық сарбаздардың жақын туыстарын осы іс-шараға қатысуға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу