Бұған дейін кеңестік құжаттарда бар болғаны 3 мыңның шамасында отан қорғаған қазақстандық әйел болған деп келдік. Алайда сол сұрапыл жылдары ерлермен қатар етігімен су кешкен отандастарымыз туралы толық дерек жарияланбай келді. Биыл атыраулық тарихшы-журналист Жұмабай Доспановтың ұзақ жылғы ізденісінің арқасында, жаңа есімдер жарық көрді, деп хабарлайды 24.kz.
Алты томдық жинақта көптеген майдангер апаларымыздың есімдері мен майдан жолдары туралы толық мағұлмат бар. Әзірге 300 данамен шыққан жинақ алдағы уақытта сұранысқа қарай көбейтілетін болады.
"Кешегі екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 7747 қазақстандық қыз-келіншектердің әрбір он біріншісі, яғни 637 қыз-келіншек офицер шенінде болған", – дейді тарихшы-журналист Жұмабай Доспанов.