Ұлы Отан соғысында хабарсыз кеткен жауынгердің сүйегі табылды

974

Данил Калугин майданға 37 жасында аттанады. 164-атқыштар дивизиясының құрамында соғысқан.

Ұлы Отан соғысында хабарсыз кеткен жауынгердің сүйегі табылды

Ресейлік іздеушілер екінші дүниежүзілік соғыс кезінде хабарсыз кеткен жауынгердің қабірін тапты, деп хабарлайды РФ-дағы Қазақстан елшілігінің баспасөз қызметі. 

"Алғаш білгенде есеңгіреп қалғанымыз рас. Ағам екеуміз шыны керек көз жасымызды жасыра алмадық. Осынша жылдан кейін бабамыздың жерленген жерін біліп отырмыз. Бұл біздің әулет үшін үлкен оқиға", - дейді жауынгердің немересі Владимир Калугин.

Данил Калугин майданға 37 жасында аттанады. 164-атқыштар дивизиясының құрамында соғысқан. 42–нің тамызында Тверь облысының Болотино ауылы маңында кеңес әскері мен фашистер арасында қиян-кескі ұрыс болады. Сол жолы екі жақтан да жауынгерлер қырылады.

Соғыстан кейін Данил Кулагиннің отбасы қолындағы там-тұм ақпаратпен ғаламтор арқылы аталарын іздеп көреді. Алайда әрекеттері нәтижесіз еді. Ол із-түзсіз жоғалғандар қатарында болған.

Өткен жылдың көктемінде жауынгердің мүрдесі табылып, батырға лайық құрметпен жергілікті зиратта жерленді. Ал онымен бірге табылған жауынгерлік медальон бүгін ұрпағына табысталды.

 "Мұндай медальон әрбір жауынгерге берілген. Онда ол туралы барлық мәлімет жазылған. Қайдан қай уақытта әскерге шақырылғаны көрсетіледі. Біз бүгін сол құжатты өскелең ұрпақ алдында батырдың отбасына табыстадық", - дейді Астана қаласы қорғаныс департаменті басшысының міндетін атқарушы Марат Есенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу