Ұлы Отан соғысында қаза тапқан қос жауынгердің сүйегі елге жеткізілді

842

Қазақстандық сарбаздардың сүйегін "Искра" және "Витязь" іздеу жасақтары "Еске алу вахтасы" акциясының барысында тапты. 

Ұлы Отан соғысында қаза тапқан қос жауынгердің сүйегі елге жеткізілді

Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан Жағыпар Қайларов пен Азықан Нұғымановтың сүйектерін Нұр-Сұлтан қаласына жеткізді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстандық сарбаздардың сүйегі "Искра" және "Витязь" іздеу жасақтарының "Еске алу вахтасы" акциясы барысында табылды. Іздестіру құрамы Қазақстандағы туған-туыстарын іздеу үшін "Atamnyn Amanaty" қоғамдық бірлестігіне жүгінген. 

Азықан Нұғымановтың туыстарын табу әзірге мүмкін болмады. Оны жерлеумен Біржан Сал ауданының әкімдігі айналысады.

Жетіген кентінде Жағыпар Қайларовтың сүйегінің жеткізілуін туыстары толқыныспен күтіп отыр. Жерлеу рәсіміне Қорғаныс министрлігінің, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, ардагерлер мен ауыл тұрғындары қатысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу