Іздестіру ұйымының белсенді жұмысының арқасында Ұлы Отан соғысы жылдарында ұрыс даласында қаза болған тағы бір қазақстандық сарбаз гвардия лейтенанты Өксікбай Базарбаевтың есімі белгілі болды. Офицер 39-шы гвардиялық атқыштар дивизиясы, 12-гвардиялық атқыштар полкі атқыштар взводының командирі болған. Жас кезінде соғысқа аттанған ол, Украинаны азат ету жолында қаза тапқан.
Сұрапыл соғыс жылдарында қаза тапқандар мен хабар-ошарсыз кеткендердің аттарын мәңгі есте сақтау мақсатында Қорғаныс министрлігі, іздеу ұйымдарымен өзара қызмет етуде. Осы мақсатта Қарулы Күштердің әскери-тарихи мұражайында іздестіру-экспедициялық бөлімшесі жұмыс істейді.
Жауынгердің сүйегі әскери рәсімдерді сақтай отырып Түркістан облысы Түлкібас ауданы Алғабас ауылында қайта жерленеді.
Сарбаздың сүйегі Қарулы Күштер Әскери-әуе күштерінің және Ұлттық ұланның әскери-көліктік бортымен жеткізілді.