Улы шұбар, оқ жылан: Шымкентте жеке тұрғын үй аумағында жылан қаптады

Былтыр көктем-жаз айларында аймақта 300-ге жуық бауырмен жорғалаушы ұсталған еді.  

Улы шұбар, оқ жылан: Шымкентте жеке тұрғын үй аумағында жылан қаптады Фото: terrariums.ru

Бүгінгі күні өте сұсты көрінетін жыландар тіпті тұрғын үйлерге де кіріп кетіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Соңғы бір ай көлемінде жедел құтқару жасағының көмегіне 13 тұрғын жүгінуге мәжбүр болды. Мамандар улы шұбар әрі оқ жыландарды адамға қауіпсіз аймаққа ауыстырғанын айтады. Жедел құтқару жасағы жыландардың жұптасу кезеңі болғандықтан, сонымен қатар күн райының жылуынан соң жыландардың көбейе түсетінін, сол себепті әлі де қоңыраулар саны артатынын жеткізді. 

– Құтқарушының бірінші міндеті – тұрғындардың қауіпсіздігі мен оның денсаулығына түскен қатерге көмек көрсету. Қазір Шымкент қаласы аумағы үлкейіп кетті. Кейінгі салынған шағын аудандарда, сырт жақтардан көп шақырту түседі. Бір үйге 3-4 мәрте барған кезіміз болған. Арнайы қызметке, мамандарға жүгініп, қоңырау шалып, көмек сұраған дұрыс, – дейді қалалық ТЖД Жедел құтқару жасағы басшысының орынбасары Рауан Дүйсенбеков.

Мысалы, 2024 жылдың көктем мен жаз айларында 286 жылан ауланған. Десе де, өте сұсты көрінетін бауырмен жорғалаушылар табиғат аясына жіберіледі. Яғни, мамандар серуенге шыққан табиғат саяхатшыларына абай болуды ескертіп, сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу