Улы жемістер туралы WhatsApp арқылы тараған ақпарат рас па?

1266

WhatsApp мессенджерінде тараған аудиохабарламада қазақстандықтарға апельсин мен мандарин жемеуге кеңес беріледі. Ақтөбеде жеміс жеген бірнеше бала қайтыс болған екен.

Улы жемістер туралы WhatsApp арқылы тараған ақпарат рас па?

Ақтөбе облысының полиция департаменті өмірге қауіпті жемістер туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz фейктерді әшкерелейтін сайтқа сілтеме жасап.

"Ақтөбе облысының полиция департаменті бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Сондай-ақ, ҚР қолданыстағы заңнамасында жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын тағы да еске саламыз", – деп жазылған департаменттің Instagram-дағы ресми парақшасында.

Бұған дейін StopFake.kz осыған ұқсас ақпаратты жоққа шығарған болатын. Онда қазақстандықтарға құрамында қауіпті вирус бар деп банан жемеуге кеңес берілген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу