Ұлы Жібек жолы бойындағы көктемгі саяхат

113

20-25 наурыз күндері Ұлы Жібек жолының тарихи бағытымен жүретін танымал туристік жоба – Jibek Joly пойызының үшінші сапары өтті. 

Ұлы Жібек жолы бойындағы көктемгі саяхат Фото: Туризм және спорт министрлігі

Бұл жолғы сапарға 325 турист пен 20 техникалық қызметкер аттанды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған саяхат туристерге көктемгі демалысты отбасымен бірге өткізе отырып, бірегей мәдени-тарихи орындармен танысуға мүмкіндік берді. Тур барысында қатысушылар Түркістан, Отырар, Самарқанд, Ташкент және Орталық Азияның ең көне қалаларының бірі – Таразға барып, өңірдің тарихымен танысты.

Саяхатқа қатысушылар үшін Тараз қаласы ерекше әсер қалдырған аялдамалардың бірі болды. Киелі Жамбыл жері қонақтарды шығыс мәдениетіне тән қонақжайлықпен қарсы алып, ұлттық тағамдар мен Наурыз мерекесіне арналған дәмдер ұсынды. Сондай-ақ жолаушылар әрбір қаланың тарихымен, мәдениетімен және гастрономиясымен жақыннан танысуға мүмкіндік алды.

Jibek Joly туристік пойызы ішкі туризмді дамытуда, сондай-ақ Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің мәдени мұрасына деген қызығушылықты арттыруда маңызы зор жоба.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу