Қазақстан анимациялық қауымдастығының президенті Ғали Мырзашев Батыс пен Шығысты байланыстырған ежелгі керуен жолы туралы аңыздың қазақша нұсқасын ұсынады, деп хабарлайды 24.kz.
Бұл Жібек жолы жобасын насихаттайтын алқашқы толықметражды анимациялық фильм болады.
Ғали Мырзашев мультфильмнің сценарийін шетелдік әріптестерімен бірлесіп 5 жылдай жазған.
Анимациялық туындының бас кейіпкері – Жібек есімді қыз. Фильмде сонымен бірге айдаһар, император сарайы сияқты қытай нақыштары кездеседі.
Қытай елі қазақстандық мультипликатордың жобасына үлкен қызығушылық танытты. Олар қасиет тұтатын айдаһар бейнесі ерекше сомдалған. Мультфильмнің көңіл көтеретін әзіл тұстары да бар. Мифологиялық кейіпкер Жібек есімді қыздың торсығындағы қымызға үнемі құмартып тұрады.
Сонымен қатар "Керуен" деген халықаралық аудиторияға арналған мультсериал да дайын тұр. Жобаны қаржылай қолдайтын инвесторлар табылып, келіссөздер жүріп жатыр.