Ұлыбритания ақсүйектерінің саны азайды

1300

Ханзада Гарри мен Меган Маркл корольдік отбасына тән өкілеттіктерінен бас тартты.

Ұлыбритания ақсүйектерінің саны азайды

Олар бұл туралы инстаграм әлеуметтік желісінде жариялапты. Бұны Букингем сарайындағылар мен ханшайым Елизавета II жақтыра қоймады. 

Ханзада Гарри мен оның жұбайы корольдік отбасыдан дербес өмір сүріп, мемлекеттік бюджеттің қаржыландыруынан бас тартып отыр. Енді әлемге әйгілі жұптардың бірі ресми шараларда корольдік отбасының атынан шықпайды. Олар тек Британияда емес, сондай-ақ Солтүстік Америкада өмір сүретіндерін және қайырымдылықпен айналысқылары келетінін мәлімдеді.Айтуларынша, бұл шешімге келмес бұрын бірнеше ай ойланып, өзара талқылаған екен.

Патшайым немересі мен оның жұбайының бұл шешіміне ренжулі болса, Гарридің әкесі мен үлкен ағасы ханзада Уильям оған ашулы көрінеді. The Sun басылымының Букингем сарайындағы сенімді дереккөзіне сенсек, Гарри бұл мәлімдемені Меганнан басқа ешкіммен талқыламаған, ал бұл өз кезегінде корольдік жанұяға соғыс жариялаумен пара пар көрінеді. 
Жуырда олар бұрыннан бері келе жатқан Рождество мейрамын патшайыммен бірге тойлау дәстүріне қарамастан Британиядан алты аптаға кетіп қалған болатын. Олар осы уақыт ішінде өздерінің корольдік отбасына тиесілі міндеттемелерін орындамаған. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу