Ұлыбритания әскери төңкерістен кейін Нигерге көмек көрсетуді тоқтатты

370

Британдықтар демократиялық жолмен сайланған ел президенті Мохамед Базумды билікке қайтаруды талап етуде.  

Ұлыбритания әскери төңкерістен кейін Нигерге көмек көрсетуді тоқтатты Фото: Известия

Ұлыбритания үкіметі елдегі әскери төңкерістен кейін Нигерге ұзақ мерзімді көмек бағдарламаларын тоқтатуды ұйғарды, деп жазады Inbusiness.kz.

Бұл туралы Ұлыбритания СІМ басшысының орынбасары Эндрю Митчелл хабарлады.

Ұлыбритания Бүгін Батыс Африка елдерінің экономикалық қауымдастығы (ECOWAS) жариялаған жедел саяси және экономикалық шараларды толығымен қолдап, Нигерге ұзақ мерзімді көмек шараларын тоқтатады, деді ол.

"Алайда біз Нигер халқына маңызды гуманитарлық көмек көрсетуді жалғастырамыз. Ұлыбритания — демократиялық жолмен сайланған Нигер Үкіметінің жауапты серіктесі", - делінген хабарламада.

Ұлыбритания сонымен қатар демократиялық жолмен сайланған ел президенті Мохамед Базумды билікке тез арада қайтаруға шақырады, делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу