Ұлыбритания Ассанжды АҚШ-қа экстрадициялау туралы шешім қабылдады

441

Ол Құрама Штаттарда 175 жылға сотталуы мүмкін.

Ұлыбритания Ассанжды АҚШ-қа экстрадициялау туралы шешім қабылдады

Ұлыбританияның Ішкі істер министрі Прити Пател WikiLeaks негізін қалаған Джулиан Ассанжды АҚШ-қа экстрадициялауды мақұлдады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Министрдің айтуынша, Ассанж экстрадициялау туралы шешімге қарсы апелляцияны екі апта ішінде бере алады.

Ол АҚШ-та 175 жылға сотталуы мүмкін. 

Джулиан Ассанж АҚШ-тың Ауғанстан мен Ирактағы әскери операциялары туралы құпия құжаттарды жарияланғаннан кейін танымал болды. Сонымен қатар ол Кубадағы америкалық Гуантанамо түрмесі туралы деректерді жариялаған болатын.

2019 жылдан бері Джулиан Ассанж Лондондағы Белмарш түрмесінде қамауда.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу