Ұлыбритания Башар Асадтың әйелін қабылдаудан бас тартты

152

Асма Асад Ұлыбритания азаматтығынан айырылуы мүмкін.

Ұлыбритания Башар Асадтың әйелін қабылдаудан бас тартты Фото: Anadolu Agency

Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігі Башар Асадтың жұбайы қайта оралғысы келген жағдайда  қабылдауға дайын емес екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Соңғы күндері мен Асма Асадтың Ұлыбритания азаматы екенін және біздің елге кіруге тырысуы мүмкін екенін естідім. Мен оның санкцияларға ұшырағанын және Ұлыбританияда қалаулы тұлға емес екенін атап өткім келеді",  деп жеткізді Д. Ламмидің сөзін басылым.

Асма қос азаматтыққа ие болғандықтан, ол Ұлыбритания азаматтығынан айырылуы мүмкін. Алайда Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер Асад режимі құлағаннан кейін көп ұзамай Асма Британия азаматтығынан айырылуы мүмкін екенін айту әлі ерте екенін жеткізді.

"Біз шешім қабылдау үшін тым ерте кезеңдеміз", – деп атап өтті Стармер. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу