ҚХР өтінішін Британ Парламенті Қауымдар палатасының спикері Линдси Хойл қабылдамады. Бұл туралы Еуропалық Politico басылымы хабардар дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.
"Қауымдар палатасының спикері Линдси Хойл әріптестеріне Қытай шенеуніктерін Вестминстер холлға кіргізу туралы өтінішті қабылдамағанын айтты, онда марқұм патшайым дүйсенбіде жерленгенге дейін болады", – делінген хабарламада.
Хойлдың жауабынан Қытай делегациясы 19 қыркүйек, дүйсенбіде Вестминстер аббейде Елизаветаның жерлеу рәсіміне қатыса алады деп болжауға болады, бірақ оларға Вестминстер холлға кіріп, қайтыс болған монархқа құрмет көрсетуге рұқсат етілмейді.
Динара Мұрат