Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунактың кабинеті нан мен сүт сияқты негізгі өнімдердің бағасына мемлекеттік бақылауды енгізуге ниетті, деп хабарлайды inbusiness.kz The Daily Mail дереккөзіне сілтеме жасап.
Үкімет супермаркеттерді азық-түлік бағасының өсуін "ерікті" түрде тежеуге итермелеуді жоспарлап отыр. Статистикаға сенсек, қазір Ұлыбританияда соңғы 45 жылда бағаның өсімінің ең жоғарғы деңгейі тіркелді.
Бір жыл дағдарыстан кейін Ұлыбританиядағы инфляцияның жалпы деңгейі төмендей бастады. Алайда, азық-түлік бағасының өсімі 19%-дан асады. Ет құны бір жылда 17%-ға, нан 18%-ға, сүт пен жұмыртқа 29%-ға, зәйтүн майы мен қант 46%-ға өсті.
2023 жылдың басында Ұлыбритания көкөністердің, ең алдымен қызанақтың жетіспеушілігіне тап болды. Бұған логистикалық кедергілер мен жергілікті фермерлердің күйреуі себеп болды. Баға шектеулері енгізілген жағдайда, тапшылық басқа да негізгі тауарларға әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар, жабдықтау мен логистика мәселелері әлі шешілген жоқ, ал фермерлер энергетика дағдарысына байланысты шығынға батып отыр. Сарапшылар дүкендер шығындарды өтейтін болса, басқа өнімдердің бағасын көтеруге мәжбүр болады. Бұл азық-түлік инфляциясының жеделдеуіне әкеледі.