Ұлыбритания Брексит шарттарын өзгерту туралы құжатты Еуроодаққа жіберді

1643

Бұл құжатқа Ұлыбритания ұстанымына қатысты құпия жұмыс материалдары бекітілген. 

Ұлыбритания Брексит шарттарын өзгерту туралы құжатты Еуроодаққа жіберді

Еурокомиссияның ресми өкілі Мина Андреева: "Олардың негізінде кеден, өндірістік тауарлар, сондай-ақ санитарлық және фитосанитарлық стандарттарға байланысты мәселелер бойынша талқылаулар өткіземіз",– деді.

Айта кетейік, 20 қыркүйекте қос тарап саяси деңгейдегі келіссөздер өткізеді. Кездесуге Еуроодақтың Брексит бойынша келіссөз жүргізушісі Мишель Барнье мен Ұлыбритания министрі Стивен Баркли қатысады. 

Бұған дейін Еурокомиссия төрағасы Жан-Клод Юнкер премьер-министр Борис Джонсонмен телефон арқылы сөйлескеннен кейін, Брюссель мен Лондонның саудаға қатысты ортақ келісімге келе алатынын жеткізген болатын.  

Бірақ Финляндия премьер-министрі Антти Ринненің айтуынша, ЕО бұрынғы британиялық парламент қол қойған келісімге өзгерту енгізгісі келмейді. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу