Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй 29 наурызда Корольдіктің Еуроодақ құрамынан шығу үдерісін бастайды. Бұл туралы Тұманды Альбионның одақтағы тұрақты өкілі Тим Барроу Еурокеңес басшыларына мәлімдеген.
Бұған дейін Британия үкіметі одақтан шығу үдерісін наурыз айының соңына дейін бастайтынын айтқан. Ал 14 наурызда парламент құжатты мақұлдады. Ұлыбританияның Brexit мәселелері жөніндегі министрінің мәлімдеуінше, үкімет 2016 жылдың маусымындағы халық таңдауын ресми түрде орындауға келесі сәрсенбіде кіріседі. Ал жалпы келіссөздер екі жылға созылуы мүмкін.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу