Британия елшісі қазақстандық "клептократтарға" санкция салу туралы ұсынысқа түсінік берді

1452

Елші қос ел арасындағы сенімді қарым-қатынасқа ерекше мән беретінін атап өтті.

Британия елшісі қазақстандық "клептократтарға" санкция салу туралы ұсынысқа түсінік берді

Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Кэти Лич Ұлыбританияның Қазақстанға қарсы санкция салу туралы ұстанымына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Sputnik Қазақстан ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Жақында Ұлыбритания парламентінің мүшесі Маргарет Ходж Сыртқы істер министрі Лиз Трастан "Қазақстан сияқты елдердегі Путинді қолдайтын "клептократтарға" қарсы санкция салына ма?" деп сұраған болатын. Үкімет басшысы ведомство бұл мәселені зерделеп жатқанын айтқан.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ұлыбритания елшісін Қазақстанға қарсы санкция салу мүмкіндігі туралы британ тарапының позициясын түсіндіру үшін шақырды.

Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Кэти Лич Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенкомен кездесті. 

Ол британ тарапы қос ел арасындағы сенімді қарым-қатынасқа үлкен мән беретінін атап өтті.

"Біз Украинаның аумақтық тұтастығына қатысты баяндалған нақты позицияны аңғарып отырмыз және бейбітшілікті, көпжақты дипломатияны және БҰҰ жарғысының қағидаттарын қолдап келген 30 жылдық тұрақты позицияны жоғары бағалаймыз", – деді Кэти Лич.

Айта кетейік, биыл 1 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей мен Украинаны келіссөз үстелінде ортақ тіл табысуға шақырған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу