Ұлыбритания елшісі орынсыз әзілі үшін жұмыстан қуылды

446

Ұлыбританияның Мексикадағы елшісі Джон Бенджамин желіде елшілік қызметкеріне пулемет меңзеп әзілдеген видеосынан кейін қызметінен босатылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ұлыбритания елшісі орынсыз әзілі үшін жұмыстан қуылды Фото: medianews.az

Желіде Джон Бенджаминнің қаруды ер адамға меңзеген видеосы тарады.

"Мексикадағы есірткі саудагерлерінің күнделікті адам өлтіретінін меңзеп, соған қатысты әзілдеуге батылы барып тұр", – делінген жазбада.

Оқиға сәуірде Дуранго және Синалоа штаттарына ресми сапары кезінде орын алған екен. Осыдан соң ол қызметінен босатылды.

"Біз бұл оқиғадан хабардармыз және тиісті шара қолдандық", – деді Ұлыбритания сыртқы істер министрлігінің өкілі.

Бенджамин 2021-2024 жылдар аралығында Мексикадағы Ұлыбритания елшісі болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу