Ұлыбритания ЕО-дан шығады

1284

Ұлыбританияның одақтан шығу туралы саяси декларациясы бойынша ортақ шешім қабылданды. 

Ұлыбритания ЕО-дан шығады

Брюссель мен Лондон Brexit туралы келісімге келді. Бұл туралы Еурокомиссия басшысы Жан-Клод Юнкер мәлімдеді. Енді ЕО саммиті бұл келісімді мақұлдауы керек. 

Айта кетейік, ЕО пен Ұлыбритания тараптарының келіссөздері соңғы екі күн қатарынан өткен болатын. Олар Солтүстік Ирландия туралы қосымша декларация және Ұлыбританияның одақтан шығу туралы саяси декларациясы бойынша ортақ шешім қабылдады. 

Еурокомиссия басшысы Жан-Клод Юнкер бұл мәміле туралы: "Саяси жігер бар жерде келісім де болады",– деп өзінің Твиттердегі парақшасында жазды.

Ел премьері Борис Джонсон бұған дейін елдің қалай да 31 қазан күні Еуроодақтан шығатынын бірнеше мәрте мәлімдеген еді. Енді британиялық парламент кезектен тыс сессияда құжатты мақұлдаса, Джонсонның бұл жоспары іске асады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу