Ұлыбритания Еуроодаққа ұйымнан шыққаны үшін өтемақы төлеуге дайын

796

Ұлыбритания Еуроодаққа ұйымнан шыққаны үшін өтемақы төлеуге дайын

Ұлыбритания үкіметі Еуроодаққа ұйымнан шыққаны үшін 40 миллиард фунт стерлинг төлеуге дайын. Бұл туралы The Times газеті ағылшын премьер-министрі Тереза Мэйдің Флоренцияда сөйлеген сөзіне сілтеме жасап жазады. Басылымның хабарлауынша, Лондон Одаққа 2020 жылға дейін есептелген бюджет мерзімі аяқталғанға дейін 20 миллиард фунт стерлинг төлемек, деп хабарлайды 24.kz.

Ал өтемақының қалған бөлігі жеке талқыланып, оны төлеу көп жылға созылуы ықтимал. Алайда Ұлыбританияның "Брексит" үшін өтемақы төлейтіні жөнінде ресми түрде расталған жоқ. Бірақ осы аптада Financial Times газеті де ағылшын үкіметі ұйымға 20 миллиард еуро төлеуге дайын екендігі жөнінде жазған болатын. Ал бұған дейін осы басылым Брюссельдің Ұлыбританиядан "Брексит" үшін өтемақы ретінде 100 миллиард еуро сұрап отырғанын жазған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу