Ұлыбритания Еуроодақтан шығу үшін 40 миллиард еуро төлейді

856

Ұлыбритания Еуроодақтан шығу үшін 40 миллиард еуро төлейді

Ұлыбритания Еуроодақтан шығуына байланысты туындайтын қаржылық мәселелерді реттеу үшін 40 млрд еуро төлеуге келісті, деп хабарлайды 7kun.kz.

Ал Брюссель Ұлыбританияның Еуроодақтан шыққаны үшін төленетін жарна сомасын 100 млрд еуроға бағалады.

Sunday Telegraph басылымының мәліметінше, Лондон Вrexit төлемі бойынша, шарт ретінде Ұлыбритания мен Еуроодақтың болашақтағы қарым-қатынасы туралы келісімнің басталғанын және сауда-экономикалық байланысқа қатысты талаптарын ұсынды.

Брюссельдің ұстанымдары бойынша, еркін сауда келіссөздері төлем мен келісім жасалғаннан кейін және Ұлыбританияда тұрып жатқан Еуроодаққа мүше Еуропа елдерінің азаматтарына қатысты мәселе шешілгеннен кейін ғана басталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу