Ұлыбритания Еуропалық одақ құрамынан 31 қазанда шығатын болды

1136

Бұл туралы Еуропалық кеңестің төрағасы Дональд Туск мәлімдеді.

Ұлыбритания Еуропалық одақ құрамынан 31 қазанда шығатын болды

Осы мәселеге орай 27 елдің жетекшісінің басын қосып, шұғыл саммит өткізген тараптар корольдікке тағы бір мүмкіндік беріп отыр, деп хабарлайды Atameken Business.

Алда жарты жыл уақыт бар. Осы уақыт аралығында британ үкіметі екі жақ үшін де тиімді шешім қабылдауға тиіс.

Естеріңізге сала кетейік, одақ құрамынан шығуға келгенде үкімет пен Парламент ортақ келісімге келе алмай, мәселені сөзбұйдаға салып жіберген еді.

"Еуропалық кеңес 50-ші баптың мерзімін 31 қазанға дейін ұзартуға қатысты шешім қабылдады. Бұл - Ұлыбритания үшін қосымша 6 ай мерзім берілді деген сөз. Осы уақыт аралығында Брексит стратегиясын тұтастай қайта қарап шығуы болады", – дейді Еуропалық кеңестің төрағасы Дональд Туск.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу