Ұлыбритания, Франция және Украина бейбітшілік жоспарын әзірлемек

218

Құжат дайын болған соң АҚШ-қа жіберіледі. 

Ұлыбритания, Франция және Украина бейбітшілік жоспарын әзірлемек Фото: Украинская правда

Лондон, Париж және Киев Украина мәселесі бойынша бейбітшілік жоспарын бірлесіп әзірлейді. Кейін құжат АҚШ-қа таныстырылады деп күтіліп отыр. Бұл туралы Ұлыбританияның премьер-министрі Кир Стармер айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BBC-ге сілтеме жасап.

Лондонда ірі еуропалық мемлекеттердің басшылары қатысып жатқан саммит өтті. Жиын Украина президенті Владимир Зеленский мен Ақ үй басшысы Дональд Трамп арасындағы дау-дамайдан екі күн өткен соң басталды.

"Қазір біз, Ұлыбритания, Франция және тағы бір-екі ел, Украинамен соғысты тоқтату жоспары бойынша бірлесіп жұмыс істейміз деп келістік. Кейін бұл жоспарды АҚШ-пен талқылаймыз", - деді Стармер.

Сөзінше, Дональд Трамптың да "бейбітшілікке" қол жеткізгісі келетініне "сенімді".

Кир Стармер Еуропа өз мойнына ауыр жауапкершілік алатынын, алайда бұл мәселеде АҚШ-тың қолдауы қажет екенін баса айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу