Ұлыбритания халқы нәсілшілдікке қарсылық білдіріп жатыр

220

Саутпорттағы қайғылы оқиғадан кейін оңшыл экстремистер ұйымдастырған тәртіпсіздіктерге жауап ретінде мыңдаған адам нәсілшілдікке қарсылық білдіріп, көшелерге шықты.

Ұлыбритания халқы нәсілшілдікке қарсылық білдіріп жатыр Фото: Burak Bir/Anadolu/picture alliance

Сәрсенбі күні Ұлыбританияның бірнеше қаласында нәсілшілдікке қарсы наразылық акциялары өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW-ге сілтеме жасап.

Ұлыбританияның PA агенттігініің мәліметінше, демонстрациялар Лондон, Брайтон, Шеффилд және Бристольде өткен. Ливерпульдегі босқындар орталығының жанында жүздеген адам жиналды. Бирмингемде де жүздеген адам исламға деген өшпенділікке өз наразылығын білдірді.  

Құқық қорғау органдары өтуі мүмкін кезекті тәртіпсіздіктерге дайындалу үстінде. БАҚ-тың жазуынша, полицейлер мигранттарға босқын мәртебесін алуда қызмет көрсететін адвокаттар мен кеңес беру орталықтары шабуылға ұшырауы мүмкін деген пікірде.

Лондон полициясы қалада ықтимал тәртіпсіздіктермен күресу үшін қосымша мыңдаған қызметкер жұмылдырылғанын хабарлады. Тағы 1300-ден астам полиция қызметкері тиісті шараларға қосылуға әзір тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу