Ұлыбритания Ирандағы елшілігін уақытша жапты

153

Бұл шешім Ирандағы жалғасып жатқан наразылықтар аясында қабылданып отыр.

Ұлыбритания Ирандағы елшілігін уақытша жапты Фото: aa.com.tr

Дипломатиялық миссияның барлық қызметкерлері елден эвакуацияланды, деп жазады inbusiness.kz сайты "Анадолы" агенттігіне сілтеме жасап.

"Тегерандағы Ұлыбритания елшілігі уақытша жабылды. Иранға сапарға қатысты ұсыныстарға, соның ішінде консулдық қызметтер туралы ақпаратқа өзгерістер енгізілді", – делінген Ұлыбритания үкіметінің ресми мәлімдемесінде.

14 қаңтарда Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтында елшіліктің уақытша жабылуы туралы ақпарат жаңартылды. Бұған дейінгі ескерту 9 қаңтарда жарияланған болатын. Мәлімдемеде қауіпсіздік себептеріне байланысты елшіліктің барлық қызметкерлері Ираннан шығарылғаны айтылды.

Дипломатиялық өкілдік қызметін қашықтан жалғастырады.

Ұлыбритания азаматтарына және қос азаматтығы бар адамдарға қатысты Иранда ұсталу және тергеуге алыну қаупі жоғары екені атап өтілді.

"Британдық паспорттың болуы немесе Ұлыбританиямен кез келген байланыс ирандық билік үшін жеткілікті негіз ретінде қарастырылуы мүмкін", – делінген құжатта.

Сонымен қатар, наразылықтар өтетін аймақтарда аса сақ болу қажеттігі айтылып, Иранға сапардан толықтай бас тарту ұсынылды. Ұлыбритания билігі Иран аумағында өз азаматтарына көмек көрсету мүмкіндігінің шектеулі екенін ескертті.

"Төтенше жағдайда консулдық қызметтер көрсетілмейді. Егер сіз Иранда қиын жағдайға тап болсаңыз, Ұлыбритания үкіметі сізге көмектесе алмайды", – делінген ресми мәтінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу