ВВС сайты олардың қатарында Аустралия мен Ұлыбритания да бар екенін жазады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бірнеше батыс елі осындай қадамға барып отыр. Франция, Португалия және Бельгия да БҰҰ Бас Ассамблеясының жыл сайынғы сессиясында Палестина мемлекетін мойындайтынын жариялаған.
Десе де, бұл шешімге АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі қарсы, Израиль де оны сынап отыр.
– Бүгін палестиналықтар мен израильдіктер үшін бейбітшілік пен екі мемлекетті шешімге деген үмітті қалпына келтіру үшін Біріккен Корольдік Палестина мемлекетін ресми түрде мойындады, – деді Ұлыбритания премьер-министрі Кейр Стармер.
Ал Премьер-министр Марк Карни де "Канада Палестина мемлекетін мойындайды" деп ашық мәлімдеді.
– Канада Палестина мемлекетін мойындайды және Палестина мемлекеті мен Израиль мемлекеті үшін бейбіт болашақты құрудағы серіктестігін ұсынады, – деп ағынан жарылды ол X желісінде.