Ұлыбритания Қазақстанға 31,82 миллион теңге бөледі

1279

Ұлыбритания Қазақстанға 31,82 миллион теңге бөледі

Ұлыбритания Қазақстанға 74 мың фунт стерлинг (31,82 миллион теңге) бөлуді жоспарлауда, деп хабарлайды LS.

Еліміздегі Ұлыбритания елшілігінің баспасөзі берген мәлімет бойынша, аталған қаржы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыруға қолдау ретінде берілмек.

Елшіліктің хабарлауынша, бұл туралы Ұлыбританияның Еуропа және Америка істері жөніндегі мемлекеттік министрі Алан Данканның 30-31 тамыздағы Астанаға сапары аясында жарияланбақ.

Сэр Данкан халықаралық қауіпсіздіктегі ортақ іс-қимылдарға ерекше назар аудара отырып, Ұлыбритания мен Қазақстанның өзара қатынасын ары қарай бекіте түсуге ықпал етуді көздейді. Осы сапары аясында ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевпен және ҚР СІМ министрі Қайрат Әбдірахмановпен кездеседі. Сонымен қатар жергілікті азаматтық қоғам мен Chevening британ стипендиясының бітрушілерімен кездесу жоспарланып отыр.

Қазақстан егемендігін алған 1991 жылдан бері Ұлыбританияның тікелей инвестициясы  $25 млрд асқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу