Ұлыбритания Қазақстанға қатысты қандай да бір санкция енгізуге ниетті емес екенін растады

985

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Ұлыбританияның Орталық және Оңтүстік Азия, Солтүстік Африка істері жөніндегі Мемлекеттік министрі Лорд Тарик Ахмадпен бейне-кездесу өткізді, сондай-ақ Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшісі Кэти Личті қабылдады.

Ұлыбритания Қазақстанға қатысты қандай да бір санкция енгізуге ниетті емес екенін растады

Тараптар дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жылы ішінде қол жеткізілген өзара сенім мен кең ауқымды өзара тиімді ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ сұхбаттастар Украинадағы жағдайды және соғыс қимылдарын тоқтату және тараптарды бейбіт жолмен шешуге қайтару бойынша халықаралық деңгейде қабылданған қадамдарды талқылады.

Британдық тарап Ресейдің Украинадағы әскери операциясына байланысты Қазақстанға қатысты қандай да бір санкция енгізуге ниетті емес екенін растады.

Кездесу қорытындысы бойынша талқыланған тақырыптардың барлық спектрі бойынша толық өзара түсіністік расталды және екіжақты қатынастарды одан әрі белсенді және жан-жақты дамытуға өзара дайындық білдірілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу