Ұлыбритания Қазақстанға мұнай тасымалдауға көмектеседі

575

Бұл туралы Британ Сыртқы істер министрі Джеймс Клеверлидің сапары барысында айтылды. 

 Ұлыбритания Қазақстанға мұнай тасымалдауға көмектеседі Фото: primeminister.kz

Ұлыбритания Қазақстанға мұнай экспорттаудың балама жолдарын ұсынуға дайын.

Ол Қазақстан үкіметімен, осы бағыттағы жұмысты жалғастыру жоспарын мәлімдеді. Екі жақты сауда айналымы көлемін арттыру мәселесін де ортаға салды. Сондай-ақ, тараптар, шикізатты қайта өңдеу, жасыл энергетика және көміртекті бейтараптықты және басқа да салаларды дамыту бағытындағы ынтымақтастыққа қызығушылық танытты.

Басқосуда еліміздің сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, "Көлік, логистика, білім беру, оның ішінде жетекші британдық университеттердің жергілікті филиалдарын ашу мәселесіндегі Қазақстан-Британ ынтымақтастығын одан әрі дамытуға ерекше назар аударылғанын" атап өтті.

Еске сала кестек, Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Джеймс Клеверли алғаш рет елордаға ресми сапармен келді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу