2017 жылы Қазақстанның Ұлыбританиямен тауар айналымы 1,3 млрд долларды құрады, деп хабарлайды LS.
Бір жылда тауар айналымы 1,9 пайызға өскен. Бұл көрсеткіште экспорттың үлесі көп (926,7 млн доллар).
Қазақстан королдікке $439,1 млн-ға күміс, $279,1 млн-ға мыс, $107,3 млн-ға шикі мұнай, $42,4 млн-ға хром оксидін, $21 млн-ға ферроқорытпа сатқан.
Ал Ұлыбританиядан елімізге $23,9 млн-ға рентген аппараты, $15 млн-ға қара металдан жасалған бұйымдар, $14,9 млн-ға дәрі-дәрмек жеткізілген. Бұдан өзге кран, этил спирті, электргенераторлы қондырғы, сұйықтық сорғысы мен турбореактивтік қозғалтқыш саудалаған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу