Ұлыбритания Қазақстанның бірнеше компаниясына санкция салды

250

Ресейге қарсы санкциялар аясында 56 жеке және заңды тұлғаға қатысты шектеулер енгізілген. 

Ұлыбритания Қазақстанның бірнеше компаниясына санкция салды Фото: fergana News

Бұл 2023 жылдың мамыр айынан бері ең үлкен санкциялар пакеті, оның ішінде Қазақстан, Қытай және Түркия компаниялары, сондай-ақ Кремльмен байланысты жеке әскери топтар да бар, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ұлыбритания Қазақстандағы мынадай компанияларға санкция салған:

 – "TawKZ" ЖШС (өнеркәсіптік мойынтіректерді, құралдар мен жабдықтардың бөлшектерін шығарумен айналысады);

 – "Рабадазия" ЖШС (көтерме сауда, компания шетелдік жеке тұлғаға тиесілі);

 – "CPS Energy" (қалалық электр энергетикасы кәсіпорны);

 – "Запчаст-Трейд" (автомобиль бөлшектерін көтерме саудамен айналысады);

 – "Kazstanex" ЖШС (машина жасау саласында әртүрлі тауарлар мен қызметтерді өндірумен және жеткізумен айналысады);

 – "Stanex Group" (өнеркәсіптік жабдықтарды, құрылыс материалдарын жеткізеді).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу