Ұлыбритания келесі аптада Киевтегі елшілігінің жұмысын бастайды

777

18 ақпанда елшілік Львовқа уақытша көшірілген болатын.

Ұлыбритания келесі аптада Киевтегі елшілігінің жұмысын бастайды

Киевтегі Ұлыбритания елшілігі Ресей Қарулы Күштерінің әскери белсенділігінің төмендеуіне байланысты келесі аптада жұмысын қайта бастайды, деп хабарлайды inbusiness.kz  ел Премьер-Министрі Борис Джонсонның мәлімдемесіне сілтеме жасап.

"Президент Владимир Зеленский мен украин халқының Ресей әскерлеріне қарсы тұруындағы жетістігі Украина астанасындағы елшілігіміздің жұмысын келесі аптада қайта бастауымызға мүмкіндік береді", – деді ол.

Біріккен Корольдіктің Украинадағы елшісі Мелинда Симмонс Twitter-дегі парақшасында Киевтегі дипломатиялық өкілдіктің жұмысын қайта басталатынын растады.

Еске сала кетсек, 18 ақпанда елшілік Львовқа уақытша көшірілген болатын.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу